KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 234,94 теңгеге тең

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE таңғы сессиясы бойынша доллар бағамы 234,94 теңгеге тең © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 1 қыркүйегінде KASE таңғы сессиясы бойынша доллардың орташа бағамы 234,94 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылдың 1 қыркүйегінде KASE таңғы сессиясы бойынша доллардың орташа бағамы 234,94 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саудаға валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 44,1 миллион доллар. Келісімдегі ең төменгі баға - 234 теңге, ал ең жоғарысы  - 236 теңге. Сауда доллардың 236 теңгеге тең бағамымен басталды.

Айта кетейік, 28 тамыздағы таңғы сессия бойынша доллар 237,66 теңге болған еді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети