2015 жылдың 1 қыркүйегінде KASE таңғы сессиясы бойынша доллардың орташа бағамы 234,94 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2015 жылдың 1 қыркүйегінде KASE таңғы сессиясы бойынша доллардың орташа бағамы 234,94 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Саудаға валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. Сауда көлемі - 44,1 миллион доллар. Келісімдегі ең төменгі баға - 234 теңге, ал ең жоғарысы - 236 теңге. Сауда доллардың 236 теңгеге тең бағамымен басталды.
Айта кетейік, 28 тамыздағы таңғы сессия бойынша доллар 237,66 теңге болған еді.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.