14 маусым 2016 16:23

Қашағанның іске қосылатын мерзімі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eurasian-research.org © eurasian-research.org

Кәрім Мәсімов Қашағанда мұнай өндірісі 2016 жылдың қазанында басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Кәрім Мәсімов Қашағанда мұнай өндірісі 2016 жылдың қазанында басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мұнай өндіру мәселесі бойынша - энергетика министріне және "ҚазМұнайГазға" тапсырма: сіздер мұнай өндіру көлемінің 74 миллион жоспардан 75 миллион тоннаға дейін арттыруды қамтамасыз етулеріңіз қажет. Осы тапсырмалар орындалуы үшін іс-шаралар өткізу керек. Сондай-ақ жеке сіздің және "ҚазМұнайГаздың" алдында 2016 жылдың қазан айында Қашағанда мұнай өндіруді бастау туралы міндет тұр. Сондықтан, Консорциуммен бірге барлығын логикалық соңына жеткізіп, Қашағанды қазан айында іске қосу қажет", - деді Премьер-министр.

"Қашаған кен орны жоспар бойынша 2016 жылдың соңында іске қосылуы тиіс. Желтоқсан айында біз мұнайды 35 тонна көлемінде аламыз", - деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев халыққа есеп беру кездесуінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети