18 наурыз 2014 13:26

Кәсіп бастаған мүмкіндігі шектеулі жандарға грант көлемі өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Damu.kz Фото Damu.kz

"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен "Қазкоммерцбанк" АҚ біріге отырып құрған "Құс жолы" корпоративтік қайырылымдылық қоры жеке кәсібін бастаған мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған гранттық жобасын кеңейтті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың атқарушы директоры Ғабит Лесбековке сілтеме жасап. "Бұл жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі адамдардың бизнес идеясын іске асыруға ақшалай гранттар беру болып отыр. Биыл жоба бюджеті екі есеге өспек. Яғни, жалпы сомасы 16 млн. теңгені құрады. Бір гранттың сомасы 100 мың теңге болса, енді мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге 200 мың теңге көлемінде ақшалай гранттар беріледі. Қазір олардың саны 80 адамды құрады, былтыр 60 адамнан аспаған еді", - дейді "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ атқарушы директоры Ғабит Лесбеков. Наурыз айының 26 күнінен бастап "Жұлдыздарға қара" атты кезекті жоба еліміздің барлық аймағында өз жұмысын бастайды. Бизнес идея байқауына мүгедектік топқа жататын, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды бастаған кәмелеттік жасқа толған ел азаматы қатыса алады. "Байқау жеңімпаздары маусым және қараша айларында екі кезең бойынша анықталады. Жеңімпаздарды таңдаудың ашықтығы жобаны жүргізудің маңызды қағидаларыны бірі. Бірнеше жыл бойы біз қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алу үшін демеушілерді іздестіретін "Даму-Көмек" атты жеке бағдарламаны іс жүзінде орындап келдік", - дейді Ғ.Лесбеков. 2005 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың қызығушылықтарын іске асыру үшін гранттарды бөлу үшін "Жұлдыздарға қара" жобасы Қазкоммерцбанк пен "Құс жолы" қоры бірлесіп жұмыс бастаған болатын. Кейіннен бұл жұмысты "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" қолдап, бірлесіп атқарып келеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети