18 ақпан 2014 | 15:29

Кәсіпкерлерге берілетін несие көлемі артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Finance.nur.kz Фото Finance.nur.kz

"ҚазАгро" биыл кәсіпкерлерге несие беру көлемін көбейтті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі холдинг басшысы Дулат Айтжановқа сілтеме жасап. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында биыл аграрлық холдинг несие мөлшерін ұлғайтып, 17 500 кәсіпкерге несие беруді көздеуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысқан "ҚазАгро" холдингінің басшысы Дулат Айтжанов: "Экономиканы, оның ішінде шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру бойынша нақты іске көшуді Президент міндеттеп отыр. Сондықтан былтырмен салыстырғанда несиелеу көлемі 20 пайызға артады", - деді. 2013 жылы холдингтен аграрлық секторды қолдау мақсатында 193,5 млрд. теңге қарастырылып, оның тоқсан пайызы кәсіпкерлерге несие ретінде қарастырылған. "Ауылды жерлердегі шағын несиенің тоқсан пайыздан астамы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы беріледі. Және ауылшаруашылық техникасының үш бірлігінің екеуі "ҚазАгроҚаржы" АҚ-нан лизингке сатып алынған. Сол арқылы "ҚазАгро" ұлттық холдингіне борышкерлер саны 22 мың адамға жетті", - деді ол. Өткен жылы "ҚазАгро" холдингі кәсіпкерлерді қолдау бойынша 15 618 кәсіпкерге 156 млрд. теңге көлемінде несие берілген болатын. Биыл олардың саны екі мыңға жуық кәсіпкермен толығады деп күтілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети