Қазақстанның СЭС мамандары көше бойында немесе базарда сатылып жатқан қауын-қарбыздарды тамыз айына дейін сатып алмау керек екенін айтып, дабыл қағып жатыр, - деп хабарлайды "31 арна".
Қазақстанның СЭС мамандары көше бойында немесе базарда сатылып жатқан қауын-қарбыздарды тамыз айына дейін сатып алмау керек екенін айтып, дабыл қағып жатыр, - деп хабарлайды "31 арна".
Мамандар бірнеше аймақтарда арнайы тексерістен өткізілген жеміс-жидектерде нитраттардың мөлшерден тыс құрамының анықталғанын ескертіп отыр. Олардың айтуынша, әсіресе еліміздің оңтүстік өңірінен жеткізілетін тауар жолда екі-үш күн бөгеліп, сатылымға тіпті бір аптадан кейін қойылады екен.
Сонымен қатар, телеарна тілшілерінің мәліметінше, биыл бақша өнімдері Қарағандыға ерте әкеліне бастады. Шала піскен жеміс-жидектерді кәсіпкерлер базарларды қойып, жол жиегінде сатуға көшкен. Саудаға қойылатын қарбыз-қауынға тексеріс жүргізетін мамандар олардың санитарлық талаптарға сай келмейтінін айтады. Сөздерінше, бау-бақша өнімдерін сатуға арналған орын қоршалып, күн сәулесінен, жауын-шашыннан қорғалуы тиіс.
Қарағанды облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы Ботагөз Әбілдаеваның айтуынша, маусымның басталғанына қарамастан қауын-қарбыздан тамыз айына дейін сақтана тұру керек. "Әсіресе, жолдың шетіндегі сауда орындарынан сатып алу өте қауіпті. Қарбыздар биіктігі кем дегенде 20 сантиметр арнайы сөрелерде сақталуы қажет", - деді ол.
"Қарбыздармен қатар, картоп, алмұрт, қызылша мен қияр секілді көкөністердің де дәрі-дәрмекпен пісірілгендігі байқалды. Бүгінде нитраттардың бар-жоғына бау-бақша өнімдерінің 90 сынамасы алынған", - деп хабарлады тілшілер.
СЭС мамандары "жылдам" деген сұрыптардың өзі тек шілде немесе тамыз айына қарай пісетінін айтады. Оның өзі, оңтүстіктен екі-үш күн ішінде жеткізілетіндіктен, бүлініп қалатынын айтады.