24 маусым 2015 22:18

Қайрат Келімбетов Bloomberg басылымына сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов. ©Bloomberg.com видеосының кадры Қайрат Келімбетов. ©Bloomberg.com видеосының кадры

Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Bloomberg басылымына сұхбат берді. 


Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Bloomberg басылымына сұхбат берді. 

Әңгімелесу кезінде спикерлер Қазақстанның ұлттық валютасы, монетарлық саясат, сонымен қатар Ресеймен қарым-қатынас мәселелері жайлы тақырыпты қозғады. "Біз жаңа саясатты қабылдадық, орташа мерзімді келешекте біз жаңа монетарлық саясатқа өткіміз келеді, оны инфляциялық таргеттеу деп атайды. Ол үлкен иілгіштік деген мағынаны білдіреді. Қазіргі уақытта біз тұрақтыдан иілгіш айырбас бағамына өтіп жатырмыз", - деді Келімбетов.

Бағдарлама кезінде жүргізуші Ұлттық банк басшысына теңгенің қазіргі жағдайы туралы, валюта асыра бағаланып кеткен жоқ па деген сұрақтар қойды, оған Келімбетов олай еместігін атап өтті. "Теңге тепе-теңдікте және жақсы позицияда. Біз өткен жылы теңгені құнсыздандырдық және біртіндеп солай", - деді ол. 

Сонымен қатар, спикерлер сауда мәселесін қаузады. Келімбетов жүргізушілердің есіне Қазақстанның биыл Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына кіргенін, Еуропа одағымен және Қытаймен сауда жасасуға бағытталып отырғанын салды. Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы әңгіме кезінде Қазақстанның "Орталық Азиядағы Сингапур" екенін атап өтті, одан кейін мемлекеттің алдында қандай мәселенің тұрғаны жайлы сұрақ қойылды.

"Қазіргі уақытта біз капитал нарығының дамуына бағыт алып отырмыз. Мемлекет жекешелендіру бойынша бағдарламалардың дамуына назар аударып отыр. Алдағы үш жыл ішінде мемлекеттік ірі компаниялар жекешелендіріледі деп күтеміз", - деді ол.

Қайрат Келімбетовтың берген сұхбатының толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети