Үкімет ауыл қазағының жан қайғысының бірі де, бірегейі – жер мәселесін байыппен шешіп беруі керек. Қазірде жайылымдық жер жайы жұртты айрықша алаңдатып тұрған жайы бар. Бұл жайында аталған саланы зерттеп жүрген мамандар дабыл қаққалы да біраз уақыт болды. «Алаш айнасы» бүгін осы ретте мәселе қозғауды жөн көрді.
Үкімет ауыл қазағының жан қайғысының бірі де, бірегейі – жер мәселесін байыппен шешіп беруі керек. Қазірде жайылымдық жер жайы жұртты айрықша алаңдатып тұрған жайы бар. Бұл жайында аталған саланы зерттеп жүрген мамандар дабыл қаққалы да біраз уақыт болды. «Алаш айнасы» бүгін осы ретте мәселе қозғауды жөн көрді.
Егер деректерге жүгінер болсақ, бүгінде елімізде 120 млн гектар жер ауыл шаруашылығына пайдалануға берілген. Оның 40 млн гектары егістік алқап болса, қалған 80 млн гектары – жайылымдық жерлер. Мамандардың байыптауынша, осы жекелеген қолдағы жа¬йы¬лымдық жерлердің жай-күйі алаңдатарлық деңгейге жеткен. Өйткені біз жерді пайдаланудың сауатты әдіс-тәсілін меңгере алмай отырмыз. Басты себеп: жекелеген шаруаның жерді күтіп-баптауға қауқары жоқ. Техникалық қуаттылығы жарамсыз.
Бұл ретте ғалым Сапабек Әсіп:
– БҰҰ-ның деректеріне қарағанда, еліміздің 272,5 млн га жерінің 179,9 миллионы шөлейттенуге дейін жеткен көрінеді. Елде 90-жылдары 180 млн гектар жайылымдық жер болған. Ал қазір ол жердің үлесі азайды. Деректер бүгінде ауылдық аумақтарда 200 мыңдай отбасының жерсіз қалып отырғанын көрсетеді, – дейді.
Жерсіз қалу дегеннен шығады, кезінде жекелеген шаруа қожалықтары құрылып, ауылдық-аймақтардағы шаруалар жерді пайдаланудың жаңаша тәсіліне көшкені белгілі. Осы тұста білетіндер көлемді жайылымдық жерлерді қарпып қалуға тырысып бақты. Ал аңқылдаған қайсыбір аңқау ел «өкімет өлтірмейді» деген беймарал күйден арыла алмады. Бір ескеретіні, кезінде сол көлемді жерлерді жалға алып, тіпті пысықайлық танытып жекешелендіріп алған шаруалардың дәурені қазір жүріп-ақ тұр. Ауқатты шаруалардың бұл тарабы бүгінде қоңсысына бөтен елдің малын қондырмайды. Жайылымына бөтен мал кірсе, жауын көргендей тықсырады. «Ал жайылымдық жері жоқ шаруаның малын көгендеп қойып бағудан басқа амалы да қалмаған» деседі мамандар. Мұндайда еріксіз «мал басын көбейтіп, мал шаруашылығы саласына өң беруі тиіс ауыл қазағы қашанғы малын көгендеп бағуы тиіс? Біз қай кезеңдері жерді сауатты пайдаланудың тәсілдерін меңгереміз?» деген сауал өзінен-өзі туындайды. Бұған қатысты Сапабек Әсіп мырза былай деді...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...