Қазақстан ДСҰ мен ЕАЭО бойынша Қырғызстанға наразылық білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО алаңында қырғыз тарапының ЕАЭО мүше-мемлекеттерінен тауарларға қатысты бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдану мәселесін қайта қарау туралы жолдаған өтінішін ДСҰ хатшылығына да жіберді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО алаңында қырғыз тарапының ЕАЭО мүше-мемлекеттерінен тауарларға қатысты бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдану мәселесін қайта қарау туралы жолдаған өтінішін ДСҰ хатшылығына да жіберді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстандық тауарларға, сондай-ақ ЕАЭО-ның басқа елдерінің тауарларына бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдануы арқылы қырғыз билігі негізінде қосымша төлемдерді енгізіп жатыр. Осылайша, егер қазақстандық өндіруші Бішкекке келінің орташа бағасы 17 сомнан ұн әкелсе, бұл ретте қырғыздың салық қызметтері 22 сом/келі мөлшеріндегі бақылау бағасының ең төменгі деңгейін есепке ала отырып ҚҚС алады. Басқа тауарлар бойынша да дәл сол жағдай, мысалы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмыртқаның бағасы 2 сомды құрайды, бұл ретте бағаның ең төменгі деңгейі - 4,9 сом болып есептелінеді. Ең төменгі бағаны анықтау тәртібі айқын емес, қырғыз үкіметінің қаулысымен белгіленген ең төменгі бағалар негізделмеген", - деп сауда және интеграция министрлігі түсіндіреді.                                                               

Негізінен бақылау бағаларының ең төменгі деңгейі тамақ тауарларына, оның ішінде ұн, қант, күріш, оның ішінде ұсақталған жұмыртқа, сыра, сондай-ақ цементке, көмірге қолданылады. Барлық көрсетілген тауарлар дәстүрлі түрде Қырғызстанға қазақстандық экспорттың негізін құрайды. Бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдану салдарынан ҚҚС-тың ұлғайтылған сомасын төлеу Қырғызстан нарығындағы қазақстандық тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етеді.

Бұл механизм қырғыз тауарларына да, үшінші елдерден әкелінетін тауарларға да қолданбауы себебінен атап айтқанда "ұлттық режим" және «неғұрлым қолайлы режим» халықаралық сауданың негізін қалаушы қағидаттары бойынша ЕАЭО және ДСҰ құқығының тікелей бұзылуы болып табылады. Сондай-ақ Бішкек қолданатын бұл нормалар ДСҰ-ның кедендік құн туралы келісімінің ережелеріне сәйкес келмейді.

Қырғызстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан қырғыз тауарларына қатысты құқықты пайдаланып барабар шараларды қолдануға ниетті.

Қазақстанның ДСҰ және ЕАЭО алаңдарындағы үндеулерін ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында қарау жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro