31 наурыз 2015 11:05

Қазақстан Иранға астық экспорттауды екі есеге арттырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©telegraf.com.ua ©telegraf.com.ua

Қазақстан Иранға астық экспорттауды екі есеге арттырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаровқа сілтеме жасап.


Қазақстан Иранға астық экспорттауды екі есеге арттырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаровқа сілтеме жасап.

"Таяу Шығыс бағытындағы жұмыстардың келешегіне қатысты айтатын болсақ, астық экспортындағы біздің негізгі эскпортшымыз - Иран және Иранға дейінгі биыл салынған темір жолға байланысты экспорттың көлемін екі есеге дейін арттырамыз деп отырмыз", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде. 

Омаровтың айтуынша, Қазақстанның 2014-2015 жылдарға арналған экспорттық әлеуеті 7 миллион тонна шамасында болады деп жоспарланған. "Қазіргі таңда 4,7 миллион тонна тиелді. Олардың ең негізгілері дәстүрлі бағыттарға жөнелтіледі: Орта Азия елдері (Әзірбайжан, Ауғаныстан, Иран) - 2,1 миллион тонна, Ресей - 119 мың тонна, Қытай - 55 мың тонна, Еуропалық Одақ елдері - 61 мың тонна және Таяу Шығыс  - 17,9 мың тонна астық", - деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда экспорт үшін 1,1 миллион тонна ұн тиелген, олардың 680 мың тоннасы - Орта Азия елдеріне, 385 мың тоннасы Ауғаныстанға жөнелтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети