21 қазан 2014 | 19:58

Қазақстан мұнайдан ешқашан бас тартпайды - Школьник

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстан мұнайдан ешқашан бас тартпайды. Бұл туралы Энергетика министрі Владимир Школьник айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мұнайдан ешқашан бас тартпайды. Бұл туралы Энергетика министрі Владимир Школьник айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан қоғамына, қазақ халқына мұнай пайда әкеліп тұрған кезде, нарықта сұранысқа ие уақытта Қазақстан ешқашан мұнайдан бас тартпайды. Мұнайды өндіре беретін болады. Алайда мұнай бір күні таусылатын қазына. Ал біздің еліміз әлі ұзақ өмір сүреді, біздің немере, шөберелеріміз де жақсы ғұмыр кешуі керек. Сондықтан біз қазір ұрпағымыздың болашағын ойлағанымыз жөн. Сондықтан біз атом энергетикасы, көмірді қайта өңдеу туралы айтып жүрміз. Бұл өте күрделі процес, күрделі технология. Біз қазірден бастап осыны қолға алуымыз керек", - деді Владимир Школьник Парламент Мәжілісі отырысынан кейін журналистерге берген жауабында. 

Бұрын хабарланғанындай, Энергетика министрлігі көмірден синтетикалық мұнай өндіру технологиясының мүмкіндіктерін қарастыруда. 

"Бұл жаңа технологиялар өнеркәсіпте енді-енді пайда бола  бастады. Соғыс кезінде мұнайға қолы жетпеген елдер көмірден мұнай өндірген. Алайда бәрі еліміздегі экономикаға байланысты. Бір кездері мұнай өндіру өте арзан болды. Қазір уақыт өткен сайын мұнай өндіру қымбаттай түсуде. Енді адамдар мұнай өндіру кезеңі аяқталғаннан кейін не болатынын ойлана бастады. Сондықтан қазіргі таңда жаңа технологияны енгізуге көптеп қаржы салынуда. Біздің министрлік те осы жағдайды ойлануға міндетті", - деді министр.

Министрдің ойынша, егер Қазақстанда осындай технологияны іске қосатын болса, оны 5 жылдың ішінде дөңгелетіп әкетуге болады.

"Егер Қазақстанда біздің жағдайда көмірден мұнай өндіруге болатынына, синтетикалық мұнай өндірудің тиімділігіне, одан пайда түсетініне көзімізді жеткізетін болсақ, мұндай технологияны іске қосуға тез арада шешім қабылданады, бұл 5 жылдың ішінде жүзеге асуы мүмкін", - деді ол.

Сондай-ақ министр бұл технологияға өте көп мөлшерде су қажет болатынын айтты. Сондықтан әзірге бұл мәселе зерттелуде.

Журналистер Министрден атом электр станциясының құрылысы қашан басталатындығын сұрады. "Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайды, тіпті мен де жауап бере алмаймын. Атом электр станциясын салу үшін қыруар жұмыс бітіру керек. Электр энергиясы нарығын, бағасын анықтауға, бұл энергияның қайда жұмсалатынын зерттеуге арналған жұмыстар жүргізілуі тиіс. Қазақстанның атом өнеркәсібінде әлеуеті зор", - деді министр.   

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети