30 сәуір 2015 | 16:15

Қазақстан өзінің Халықаралық валюта қорының жарғылық капиталындағы квотасын ұлғайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вашингтондағы ХВҚ ғимараты. © РИА Новости Вашингтондағы ХВҚ ғимараты. © РИА Новости

Қазақстан өзінің Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) жарғылық капиталындағы квотасын 365 700 000 СДР-ден (арнайы қарыз алу құқықтары) 427 800 000 СДР-ге дейін ұлғайтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы дауыстарының үлесі 17 пайызға ұлғайтылатын болады. Тиісті шешімді ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылғы 24 сәуірде қабылдады.

Иконка комментария блок соц сети

"Квотаны ұлғайтқан кезде ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері азайтылмайтынын атап өткен жөн, себебі 25 пайыздық үлес мүше мемлекеттің резервтік активтерінің құрамдас бөлігі болып табылады, ал 75 пайыздық үлес шартты сипатқа ие және актив немесе міндеттеме ретінде жіктелмейді", - деп атап көрсетті ҚР Ұлттық Банкінің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Айдар Қазыбаев.

Қаржылай басқарушының мәлетінше, Қазақстанның ХВҚ капиталындағы квотасын ұлғайту елдің одан әрі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жағдай жасайды, себебі Қазақстан квота көлемінен үш еселенген мөлшерде ХВҚ-тың кредиттік желісіне сүйене алады. Қазақстанның ХВҚ капиталындағы ықпалын күшейту елдік рейтингті жақсарту көрсеткіштерінде жағымды көрініс табады және ХВҚ құрылымдарында дауыс берген кезде Қазақстанның ұстанымын нығайтады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети