09 наурыз 2022 13:03

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстандағы әуекомпаниялар қызметі бір жыл бұрынғыға қарағанда, 18 пайызға жуық қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандағы әуекомпаниялар қызметі бір жыл бұрынғыға қарағанда, 18 пайызға жуық қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпанның қорытындысы бойынша, әуе билеттерінің бағасы бір жылда Шығыс Қазақстан облысында бірден 45,7 пайызға өсті. Алғашқы үштікте: Маңғыстау облысы - 43,2 пайыз және Түркістан облысы - 34,8 пайыз.

Екі облыста - Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгермегені, ал Павлодар мен Жамбыл облыстарында 14,2 және 22,2 пайызға төмендегені нақтыланды.

"Биыл ақпанда елдегі жолаушылар әуекөлігі қызметтерінің бағасы былтырғымен салыстырғанда 17,7 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ресейге қарсы санкциялар аясында Қазақстанның әуе тасымалы мен логистика секторы өзгереді деп күтіледі.

Осылайша, әуе кеңістігін жабуға қатысты қазіргі жағдайға байланысты әуе ағынының бір бөлігі Қара теңіз аймағынан Қазақстан аумағына қайта бағытталды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Елдің аэронавигация жүйесінің мүмкіндігі қосымша әуе қозғалысын шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді, делінген министрлік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети