"АвтоВАЗ" өндірісін Қазақстанда ашуға 500 миллион доллар сұралды. Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басшысы Дмитрий Панкин РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында айтты.
"АвтоВАЗ" өндірісін Қазақстанда ашуға 500 миллион доллар сұралды. Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) басшысы Дмитрий Панкин РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында айтты.
"АвтоВАЗ" өткен жылы даму институтынан осыншалықты соманы кредитке беру туралы өтінім берген екен.
"Қарызға сұралып отырған қаражаттың жалпы сомасы - шамамен 500 миллион доллар. Жартысын Қазақстанның Ұлттық банкі төлейді, қалғанын - біз (ЕАДБ). Сараптаймыз, бұл жобаны кеңесте талқылаймыз", - деді Панкин.
"Жоба күрделі. Әзірше оған сақтықпен қараймыз", - деді ол.
(ЕАДБ) 2006 жылы еуразиялық кеңістікте экономикалық өсім мен интеграциялық процесстерді дамыту мақсатында құрылған болатын. Қаржы институтының құрылтайшысы Қазақстан, жарғылық капиталының 33 пайызы еліміздің үлесінде, ал РФ еншісінде 66 пайыз капиталы, сонымен қатар, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстанда үлес бар. Банктің жарғылық капиталы 7 миллиард долларды құрайды.