18 желтоқсан 2019 | 11:20

Қазақстанда аяқ-киім қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда аяқ-киім бағасы айтарлықтай өскен, - деп хабарлайды Еnergyprom.kz


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда аяқ-киім бағасы айтарлықтай өскен, - деп хабарлайды Еnergyprom.kz

Сараптамалық ұйымның мәліметінше, елімізде аяқ киім өндірісі жылына 9 пайызға өскен, бірақ тұтынудан бұл көрсеткіш 3 пайызға аз болып отыр екен. Сондықтан оның бағасы тым қымбат

Балалар аяқ киімінің бағасы 9 пайызға өсті.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда былғары және оған жататын өнім өндірісі жылына 4,5 пайызға өсті және 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 8,6 миллиард теңгеге жетіпті, бұл ретте өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың ұқсас кезеңіне 98,4 пайызға жеткен, бұл нақты шығарылым көлемінің төмендегенін көрсетеді (бір жыл бұрын - 103,3 пайыз).

Жалпы, 2018 жылы өндіріс 10,2 миллиард теңгеге жетті.

Сектордағы барлық шығарылымның 40 пайыздан астамы Алматыға - 3,5 миллиард теңге, екінші және үшінші орындар Жамбыл (1,4 миллиард теңге) және Алматы (782,4 миллион теңге) облыстарына тиесілі.

Солтүстік Қазақстан облысы (13,6 миллионнан 390,3 миллион теңгеге дейін) және Нұр-сұлтан (4,9 миллионнан 75,4 миллион теңгеге дейін) айтарлықтай жылдық өсім көрсетті.

Жылқы және ІҚМ терісінен жасалған былғары өндірісі бір жыл ішінде 31,4 пайызға, 135,4 миллион шаршы дм-ға дейін өсті.

Аяқ киім өндірісі 8,8 пайызға, 957,4 мың жұпқа дейін өсті, оның 676,5 мың жұп - былғарыдан жасалған аяқ киім (бір жыл ішінде + 5 пайыз).

Өндірістің өсуіне қарамастан, жалпы сұраныстағы қазақстандық аяқ киімнің үлесі тең емес: үш тоқсанның қорытындысы бойынша бір жыл бұрынғы сияқты, небәрі 2,7 пайыз.

Сегмент сыртқы жеткізілімдерге толық тәуелді: импорт сұраныстың 97 пайыздан астамын жауып, бір жыл ішінде 10 пайызға, 29,4 миллион жұпқа дейін өсті.

Жоғары импортқа тәуелділікті ескере отырып, аяқ киім айтарлықтай қымбаттайды: жылына бірден плюс 8,1 пайыз. Бұл ретте ағымдағы жылдың қараша айында инфляцияның жалпы деңгейі 2018 жылдың тиісті айына 5,4 пайызға тең болған.

2019 жылдың қарашасында тұтынушылық сегменттер бойынша: ерлер аяқ киімі 8,8 пайызға, әйелдер - 7 пайызға, балалар аяқ киімі - 9,4 пайызға өсті.

ҚР өңірлері арасында ерлердің аяқ киіміне бағаның ең едәуір өсуі Жамбыл облысында (+18,9 пайыз) және Нұр-сұлтан (+14,3 пайыз) және Шымкент (+11,7 пайыз) қалаларында; әйелдер аяқ киіміне - Жамбыл облысында (+13,3 пайыз), Шымкент қаласында (+13,1 пайыз) және Қызылорда облысында (+12,6 пайыз) белгіленді. Балалар аяқ киімі Алматы (+14,1 пайыз), СҚО (+12,9 пайыз) және Қызылорда облысында (+12,6 пайыз) едәуір қымбаттады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети