Қазақстанда азық-түлік өнімдері арзандады

18 Қыркүйек 2017, 14:26
0
Қазақстанда азық-түлік өнімдері арзандады - © pexels.com
© pexels.com

Қазақстанда азық-түлік өнімдері 0,9 пайызға арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, азық-түлік тауарлары бағасының 0,9 пайызға төмендеуі инфляцияның 0,1 пайыздық тармаққа төмендеуіне үлес қосты. Айтуларынша, бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің 9,2 пайызға маусымдық арзандауымен байланысты. Жаңа піскен жемістердің бағасы 4,4 пайызға, жаңа піскен көкөністер 13,2 пайызға, картоп 20,4 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, құмшекер бағасының 2,2 пайызға, қарақұмық жармасының 2,9 пайызға, жұмыртқаның 1,5 пайызға төмендегендігі байқалады. Статистика деректеріне қарағанда, жыл басында 19 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарының баға индексі 1,1 пайызды құрады.

"Тамызда жекелеген азық-түлік бағасының: шұжықтың 1,4 пайызға, құс етінің 1,2 пайызға, сиыр және шошқа етінің 1,1 пайызға, жылқы және қой етінің 0,4 пайызға артқаны байқалды. Сүт өнімдерінің бағасы 1,2 пайызға, алкогольді ішімдіктер 1 пайызға өсті", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай