1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі ұлғайды 27 қаңтар 2018, 15:07

Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© creditwit.ru © creditwit.ru

Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, несиенің шекті көлемі 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылып, мерзімі 5 жылға дейін, ал егер мал шаруашылығы немесе ауыл шаруашылық кооперативтерін құру үшін болса, мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды.

"Жалпы алғанда, 2017 жылы 7 мыңға жуық шағын несие беріліп, 57 пайызы немесе 4 мыңнан астамы өз бизнесін бастады (стартап-жобалар). "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының іске асырылуы - кәсіпкерлік негізде несие алу және оқу арқылы өз бизнесін ашу үшін жағдай жасауды көздейді", - дейді мамандар.

Айта кетейік, 2017 жылы "Бастау-Бизнес" жобасымен 15 мыңнан астам адам қамтылған. Олардың барлығы оқудан өтіп, оның ішінде шамамен 3 300 адам шағын несие алды. Қазіргі таңда шағын несиелеудің ауқымы кеңейіп, ауыл тұрғындарымен қатар қалалық азаматтардың да мұны алуға мүмкіндігі бар.

 



Join Telegram