Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді? Фото:elements.envato.com

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 20 пайызға өскен. Ал азық-түлік емес тауарлар 13,2 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 20 пайызға өскен. Ал азық-түлік емес тауарлар 13,2 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Маусымдағы инфляция жылдық есеп бойынша - 14,5 пайыз, бір айда 1,6 пайыз болған. 2022 жылғы маусымда азық-түлік бағасы былтырғы маусыммен салыстырғанда, 19,2 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Азық-түлік нарығында құмшекер 78,7 пайызға, қырыққабат 72,4 пайызға, пияз 69,3 пайызға өскен. Картоп бағасы 9,8 пайызға төмендеген.

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

Бюро азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда 2021 жылғы маусымға қарағанда 13,2 пайыз болғанын атап өтті.

"Жеке пайдаланылатын тауарлардың бағасы - 23 пайызға, тазалық құралдарына - 20,8 пайызға, тұрмыстық құралдарға - 19,7 пайызға, құрылыс материалдарына - 18,6 пайызға, жиһаз бен үйдегі керек-жараққа - 18,2 пайызға, автомобильдерге - 15,1 пайызға, ыдыс-аяққа - 13,9 пайызға, тоқыма бұйымдарына - 10,8 пайызға, фармацевтикалық өнімге 9 пайызға көтерілген", - деді ведомство өкілі.

Ақылы қызмет бағасы бір жыл ішінде 9,2 пайызға өскен.

"Қоғамдық тамақтандыру қызметіне баға деңгейі - 15,9 пайызға, денсаулық сақтау саласына - 14,7 пайызға, шипажайларға - 13,7 пайызға, кешенді демалысты ұйымдастыруға - 13,2 пайызға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметіне - 12 пайызға, қонақүйлерге - 5,7 пайызға өсті. Жолаушылар көлігі қызметі 4 пайызға қымбаттады", - деді бюро өкілі.

ТКШ саласында электр энергиясына тарифтер 7,5 пайызға өскен, қоқыс шығаруға - 2 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 1,4 пайызға өсті, ал орталық жылытуға - 2,3 пайызға, ыстық суға 0,9 пайызға төмендген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети