Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Биыл тамыздағы қорытынды бойынша дәрі-дәрмек айына 0,3 пайызға, жылына 3,3 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Energyprom.kz агенттігі сарапшылары қымбатшылықты дәрі-дәрмек импортының өсуімен байланыстырған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл тамыздағы қорытынды бойынша дәрі-дәрмек айына 0,3 пайызға, жылына 3,3 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Energyprom.kz агенттігі сарапшылары қымбатшылықты дәрі-дәрмек импортының өсуімен байланыстырған.

Дәрі-дәрмек бағасының жылдық динамикадағы 14,1 пайызға ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында да 10,9 пайызға, Ақмола облысында 9,1 пайызға өсті.

Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық өнімдер Қостанай, Павлодар облысында (әр облыста 0,1 пайызға) және Жамбыл облысында( 2,9 пайызға) арзандады.

Фармацевтикалық препараттар арасында:

  • "Хилак форте" (30 миллилитр) бірден 17,9 пайызға қымбаттап, 1600 теңгеге;
  • "Эссенциале форта Н" (30 капсула) 10,3 пайызға, 2900 теңгеге;
  • "Но-шпа" (40 миллиграмм, 100 таблетка) 10,2 пайызға, 2700 теңгеге дейін ;
  • "Корвалол" (25 миллилитр) 9 пайызға, 180 теңгеге дейін;
  • "Аквалор" (125 миллилитр) 8,4 пайызға, 2000 теңгеге дейін көтерілді.

"Ренни", "Омез", "Ксимелин", "Ингавирин", "Амброксол" секілді препараттар бағасы да өсті.

"Фенистил Нью" (20 миллилитр) препаратының бағасы жылдық динамика бойынша - 0,1 пайызға, 2000 теңгеге, "Гипотиазид" (25 миллиграмм, 20 таблетка) - 1,8 пайызға, 1100 теңгеге, "Азитромицин" (500 миллиграмм, 3 таблетка) - 3,4 пайызға, 949 теңгеге, парацетамол (10 таблетка) - 5 пайызға, 81 теңгеге, ацетилсалицил қышқылы үшін (10 таблетка) - 10,4 пайызға, 51 теңгеге төмендеді.

Жарты жылда елге 615,8 миллион долларға 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Соның ішінде ТМД елдеріне 5,3 мың тонна тиесілі, бұл былтырғымен салыстырғанда 59,9 пайызға көп. Ресей - жыл басынан бері негізгі жеткізуші ел.

ТМД-дан өзге елдерден 7,1 мың тонна дәрі-дәрмек импортталды, бұл былтырғы көрсеткіштен 81,8 пайызға артық. Ең көп жеткізуі ел Қытай (5,4 миллион долларға 1,3 миллион тонна), Үндістан (44,8 миллион долларлық мың тонна) және Германия (107,8 миллион долларға 947 тонна) болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.16  course down  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro