29 шілде 2022 09:18

Қазақстанда дәрумендер күрт қымбаттады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © РИА Новости Фото: © РИА Новости

Қазақстанда дәрумендер 30 пайызға дейін қымбаттаған. Иммунитетті көтеретін түрлі қоспа кей дәріханаларда жоқ. Фармацевтердің пікірінше, отандық өнімдердің бағасы импорттық өнімдерден қалыспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.


Қазақстанда дәрумендер 30 пайызға дейін қымбаттаған. Иммунитетті көтеретін түрлі қоспа кей дәріханаларда жоқ. Фармацевтердің пікірінше, отандық өнімдердің бағасы импорттық өнімдерден қалыспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Диетолог Елена Мамай түрлі дәруменді мезгіл сайын қолданатындардың бірі. Соңғы уақытта сұраныстағы дәрумендердің құны шарықтағанын айтады.

"Магний Б 6 дәруменін өзіме соңғы рет желтоқсанда 2015 теңгеге сатып алдым. Таусылғасын екі апта бұрын дәріханаға барсам, бағасы екі есеге өсіп, 4800 теңге болып кетіпті. Мүмкін қорабы мен ішіндегі дәрумендер саны жағынан айырмашылық бар ма деп қайта-қайта салыстырып қарадым. Сол 60 дана. Бұл дегеніміз сұмдық. Мұндай бағада ешкім алмайды енді", - Елена Мамай.

Дәрумендердің қымбаттағанын қаладағы дәріхана басшылары да жоққа шығармайды. Олардың айтуынша, бағаның өсуіне жыл басынан бергі доллар мен рубльдің қайта-қайта құбылуы себеп болған. Соның салдарынан, тіпті иммунитетті көтеретін дәрумендердің кейбірі елге жеткізілмейтін де болыпты.

"Шет мемлекеттерден келетіндер 40 пайызға, Ресейден келетіндер 10-30 пайызға дейін өсті", - дейді дәріханалар желісінің басшысы Камилла Коберидзе.

Дәрумендер әсіресе соңғы екі айда қымбаттаған. С дәрумені бар итмұрын шәрбаты мамырға дейін 500 теңгеден сатылса, қазіргі құны 680 теңге.

"Негізгі дәрілік заттардың арнаулы шекті бағасы бар. Бірақ 5 және 10 пайыздың аралығында қымбаттағаны байқалады. Бағаның шекті бағадан асқанын көргендер департаментке шағым түсіре алады. Дәлелденсе онда сол дәріхана иесіне әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, айыппұл салынады. Ол айыппұлдың көлемі 130 айлық есептік көрсеткіш", - дейді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлім басшысы Әсия Молдиманова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети