Қазақстанда доллар бағамы 3 теңгеге төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда доллар бағамы 3 теңгеге төмендеді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,13 теңгеге төмендеп, 471,83 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 2 шілдедегі ресми бағамы - 475,18 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 471,92 теңгеге, сатылымы 474,20 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 468,98 теңгеден сатып алынып, 474,00 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 1 шілдеде KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,34 теңгеге көтеріліп, 475,18 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети