Қазақстанда доллардың 20 қаңтардағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 507,05 теңге болып, 2,42 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 қаңтарға белгіленген ресми бағамы - 509,63 теңге.
Еске салайық, 19 қаңтарда күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 509,63 теңге болып, 2,44 теңгеге төмендеген болатын.
kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы төмендегідей:
Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 507,94 теңге;
- сату - 510,32 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - орта есеппен 506,01 теңге;
- сату - 513,01 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!