Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 26 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 26 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 498,55 теңге болып, 0,13 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, доллардың 26 қарашадағы ресми бағамы – 498,51 теңге.

kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 500,51 теңге, сату бағамы – 502,91 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 498,00 теңгеге сатып алынып, 502,98 теңгеге сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 25 қарашада KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 498,51 теңге болып, 0,08 теңгеге төмендеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети