Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан тыс жерлерге мұнай өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан тыс жерлерге мұнай өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы энергетика министрі Владимир Школьниктің 2015 жылдың 26 маусымында шығарған № 437 "Мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы" бұйрығы БАҚ-та жарияланды. Тыйым алты айға салынды.
"Қазақстан Республикасы мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, орташа дистилляттарды, керосинді, газойлдарды, дизель отынын және өзге мұнай өнімдерін әкетуге алты ай мезімге тыйым салу енгізілсін", - делінген жарияланған құжатта.
Толығырақ мына жерде танысуға болады.