Қазақстанда ет қымбаттады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© russia.tv © russia.tv

Елімізде етті көп тұтынатындар Қарағанды, Павлодар және Алматы облысында тұрады. Жалпы ет және ет өнімдерін тұтыну бір тоқсанда екі пайызға өскен, - деп хабарлайды Ranking.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде етті көп тұтынатындар Қарағанды, Павлодар және Алматы облысында тұрады. Жалпы ет және ет өнімдерін тұтыну бір тоқсанда екі пайызға өскен, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, бір жылда ет түрлері мен ет өнімдерінің барлық түрі қымбаттаған. Жылқы етінің құны - 10,5 пайызға өсіп, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бір келі жылқы еті - 1745,5 теңге болған. Бағасы бір айда 0,3 пайызға өсті. 

Бір жыл ішінде 7 пайызға өскен шошқа етінің бір келісі 1302,5 теңге тұрады (бір айда 0,2 пайызға өскен). 

Сиыр етінің бағасы бір жылда 6,7 пайызға өсіп, ал бір айда 0,9 пайызға өсіп, бір келі еті 1743,1 теңгеден сатылып жатыр. 

Бір айлық көрсеткіш бойынша тауық еті едәуір қымбаттаған - 1,5 пайыз, бір келі ет - 798 теңге (бір жылда - 6,4 пайыз)

Қой етін тұтыну ҚР аумағында 22 пайызға өсіп, бір тоқсанда әр адам 1,9 келі етті тұтынған. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында қой етін тұтыну көрсеткіші 45 пайызға өскен. 

ҚР үй шаруашылығында ең көп тұтынатын ет түрі - сиыр еті: әр адам бір тоқсанда 5,7 келі тұтынады, өткен тоқсанмен салыстырғанда 3,2 пайызға кем. 

Тауық етін тұтыну 6,9 пайызға өскені және ауылды жерлерде бұл көрсеткіш 20,3 пайызды көрсеткен. 

Етті тұттыну көрсеткіші бойынша Қарағанды (22,3 келі адам басына), Павлодар (22 келі) және Алматы (21,8 келі) облыстары көш бастап тұр. 

Қалалық жерлерле Атырау (23,9 келі), Шығыс Қазақстан облысы (23,4 келі) және Ақмола (22,8 келі) облыстары көш бастады. 

Ауылды жерлерде ет тұтыну көрсеткіші бойынша Алматы (22 келі), Қарағанды (21,7 келі) және Маңғыстау (20,5 келі) облыстары тізімнің басында тұр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro