Қазақстанда ет қымбаттап жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда қазанда ет пен құс еті 2020 жылғы қазанмен салыстырғанда 10,7 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қазанда ет пен құс еті 2020 жылғы қазанмен салыстырғанда 10,7 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша, әлемде ет пен құс етіне азық-түлік бағасының индексі 112,1 тармақ – 20,3 тармақ немесе бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 22,1 пайыз болды. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда азық-түлік бағасының ең жоғары индексі шілдеде тіркелді: 114,1 балл.

Өңірлер тұрғысында бір жылда ет пен құс етінің бағасы Қостанай облысында 4,1 пайыздан Түркістан облысында 18,4 пайызға өсті. Сондай-ақ Маңғыстау облысында (16,6 пайызға) және Шымкентте (16,4 пайызға) айтарлықтай өсім байқалған.

Қазақстанда қой еті мен құс етінің бағасы едәуір өсті – 15,7 пайызға. Жылқы еті – 11,2 пайызға, шошқа еті – 8,7 пайызға, сиыр еті – 8,6 пайызға қымбаттады.

Қазақстан Республикасының қалаларында қазанда жылқы етіне ең жоғары баға тіркелді – орташа есеппен келісіне 2557 теңге.

Одан кейін қой еті (келісі 2399 теңге) және сиыр еті (келісі 2234 теңге). Шошқа етінің бөлшек саудадағы бағасы Қазақстан Республикасы қалаларында орта есеппен келісіне 1808 теңге, тауық еті келісіне 1047 теңге болды.

Бұл ретте, ет пен құс етін, сондай-ақ олардан алынатын тамақ өнімдерінің өндірісі бір жылда 6,4 пайызға өсіп, биыл қаңтар-қыркүйекте 250,7 мың тоннаға жетті. Оның 194,8 мың тоннасы құс еті, 55,9 мың тоннасы ірі қара, ұсақ мал, шошқа және жылқы еті.

Құс етін өндіру үлесі тек үш облыста 79 пайыз: Алматы (66,6 мың тонна), Ақмола (56 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (31,3 мың тонна) облыстары. Өндірілген еттің жартысынан астамы да тек үш облыс үлесінде: Ақтөбе (14 мың тонна), Қостанай (7,4 мың тонна) және Павлодар (6,9 мың тонна) облыстары.

Бұған дейін Қазақстанда биылғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға қымбаттағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю