14 қазан 2019 16:26

Қазақстанда ет, нан және жарма бағасы өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырыс барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев биыл 9 айдың қорытындысы бойынша қаржы нарығындағы ахуал тұрақты екенін баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырыс барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев биыл 9 айдың қорытындысы бойынша қаржы нарығындағы ахуал тұрақты екенін баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инфляция 4-6 пайыз таргеттелетін дәлізде қалыптасып жатыр. Биыл қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызға дейін баяулады, алдыңғы айда ол 5,5 пайыз болды. Азық-түлік тауарларына бағаның өсуінің инфляцияда үлесі басым, ол 2017 жылдың басынан бері ең жоғары 9,1 пайыз мәніне жетті. 

"Ет бағасы 13,5 пайызға, нан-тоқаш өнімдері мен жарма 12,7 пайызға өсті. Олардың инфляцияға үлесі 1 п.т. құрады. Бұл тауарлар әлемдік бағаның және экспорт көлемінің өсуі аясында қымбаттады", - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасы инфляцияны тежеуге ықпал етуде. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі 5,4 пайыз құрады, бұл 2015 жылғы қазаннан бері минимум болып табылады. Жылдық мәнінде бензин бағасының төмендеуі 4,8 пайызды, қатты отын бойынша 3,5 пайызды құрады. Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 0,7 пайызға өсті, бұл реттелетін қызметтерге тарифтердің 8,2 пайызға төмендеуімен байланысты.

"Біздің есептеуіміз бойынша, жыл қорытындысы бойынша инфляция белгіленген дәлізде қалады және 5,7-5,8 пайыз деңгейде қалыптасады. Бюджеттік шығыстармен нығайтылатын тұтынушылық сұраныс негізгі проинфляциялық фактор болады", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Инфляцияның нысаналы дәлізден тыс шығу тәуекелін болдырмау үшін биыл 9 қыркүйекте ҚР Ұлттық банкінің базалық ставкасы 9,25 пайызға дейін көтерілді және пайыздық дәлізі сақталды. Шығарылатын ноттардың мерзімдері ұзарып, көлемі азаюда. 6-12 айлық айналыс мерзімі бар ноттар мамырдың соңындағы 43 пайызбен салыстырғанда қыркүйектің соңында 78 пайыз болды. Биыл мамыр-қыркүйек айларында айналыстағы ноттар көлемі 33,3 пайызға 4,3 триллион теңгеден 2,9 триллион теңгеге дейін төмендеді. Биылғы жылғы ақпандағы ең көп мәннен төмендеу 40 пайызға жуық болды.

Қыркүйекте ішкі валюта нарығындағы жағдай мұнай нарығының қысымында болды. 16 қыркүйекте мұнай бағасы бір баррелі үшін $69-ға күрт өскеннен кейін ол 2 қазанда бір баррелі үшін 57,7 долларға дейін төмендеді. 10 қазанда мұнай бағасы бір баррелі үшін $59,1 болды.

Ерболат Досаев атап өткендей, нәтижесінде айырбастау бағамы қыркүйектің басы - 11 қазан аралығында 1$ үшін 385,27-390,12 теңге шегінде өзгерді. Әлсіреу бұл кезеңде 0,5 пайыз болды. Биыл 11 қазанда теңге бағамы 1$ үшін 389,51 теңге болып, жыл басынан бері 1,4 пайызға әлсіреді.

"Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері биыл 1 қазанда алдын ала деректер бойынша 28,8 миллиард болды. Жыл басынан бері олар 6,8 пайызға немесе 2,1 миллиард доллар банктермен валюталық свопты өтеу және шетел валютасында клиенттердің шоттарынан шетелге әкетілу нәтижесінде төмендеді. Қыркүйекте алтынвалюта резервтері 2,1 пайызға ұлғайды. Оған Үкіметтің еурооблигацияларды шығарудан шетел валютасының түсуі, банктердің Ұлттық Банктегі валюталық салымдарының өсуі және алтынды сатып алуы себеп болды", - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Депозиттердің көлемі тамыздың соңында 17,5 триллион теңгеге дейін 5,5 пайызға төмендеп, жыл басындағы деңгейден төмен қалыптасуда. Бұл І тоқсанда банктерді қалыпқа келтіру іс-шараларымен байланысты. Сәуір-тамызда депозиттердің өсуі 1,9 пайыз немесе 327 миллиард теңгені құрады.

Сонымен қоса, шетел валютасындағы салымдарды теңгемен салымдарға ауыстыру жалғасуда. Биыл 8 айда ұлттық валютамен салымдар 3 пайызға өсті. Ал валюталық депозиттер 14,5 пайызға төмендеді. Нәтижесінде, депозиттерді долларландыру деңгейі жыл басындағы 48,4 пайыздан биыл тамыз айының қорытындысы бойынша 43,8 пайызға дейін төмендеді. 

Биылғы сәуір-тамызда банк секторының несие қоржыны 13,2 триллион теңгеге дейін, 6,0 пайызға немесе 750,9 миллиард теңгеге өсті.

"Экономиканың басым салаларын 600 миллиард теңге сомаға жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске асыруда банктердің белсенділігін атап өткім келеді. 11 қазандағы жағдай бойынша банктерде 236,7 миллиард теңгеге 347 жоба қаралуда, 130,0 миллиард теңгеге 181 жоба мақұлданды, 43,2 миллиард теңгеге 118 қарыз берілді", - деді  Досаев.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 9 873 отбасы 113,8 миллиард теңге сомаға қарыз алды. Бағдарлама бір жылда банктердің ипотекалық портфелінің 33,3 пайызға 1,6 триллион теңгеге дейін өсуіне ықпал етті.

Биыл 9 айдағы мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтып берді. Оның айтуынша, осы кезеңде жеңіл, жиһаз және тамақ өнеркәсібі тәрізді бағыттар бойынша, сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерінде құрылыс материалдары бойынша оң өсу динамикасы байқалып отыр. 1 шілдедегі жағдай бойынша көрсеткіш 2 пайыз құрады, қазір бұл сан үш ай ішінде 18 пайызға ұлғайып, 20 пайызға тең болды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети