Қазақстанда инфляция жылдам өсіп жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанның 13 облысында жылдық инфляция жылдам өсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанның 13 облысында жылдық инфляция жылдам өсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақшалы емес факторларды тұрақтандыру үшін үкімет әкімдермен бірге 2021 жылы қыркүйекте инфляцияға қарсы шаралар енгізді. Нәтижесінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жиынтық өсімі тамызда 10,4 пайыздан 9,6 пайызға дейін төмендеді. Бірақ қазанның алғашқы аптасындағы қорытынды бойынша баға жыл басынан бері 9,9 пайыз болды", - деді Ұлттық банк басшысы үкімет отырысында.

Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жұмыртқа, тауық еті, қырыққабат, қант және сиыр еті қымбаттауы әсер еткенін айтты.

"Қыркүйекте дизель отыны 3,8 пайызға қымбаттады, кейбір аймақтарда 10 пайыздан асты. Өндіріс ұлғаюына, сондай-ақ, экспорттың тоқтауына қарамастан, дизель отыны тапшылығы байқалады, бұл инфляциялық қысымды арттырады және басқа тауарларға жанама әсер етеді. Жылдық инфляция 17 аймақтың 13-інде тез өсті, ал 6 аймақта 9 пайыздан асты", - деді Досаев.

Ұлттық банк мәліметінше, аймақтық нарықтағы бағаны тұрақтандыру және тауар тапшылығын болдырмау 2021 жылы инфляцияны тежеудің негізгі факторлары болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев тамыздың басында инфляцияны тұрақтандыру үшін тиімді шаралар қабылдауға тапсырма берген болатын. Қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО Басқару кеңесі төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесіп, инфляциялық дағдарыстың болжанатынын, пандемияға байланысты қиын кезеңдердің келгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro