Қазақстанда жанармай неге арзандамайды. Осы сұрақты ҚР Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда жанармай неге арзандамайды. Осы сұрақты ҚР Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Парламентке шақырылғаннан кейін үкіметке баға құрылымын тезірек шешу үшін. Жанармай бағасына қатысты мәселе шешусіз қалып отыр. Бізде мұнай бағасы қаншалықты түсті? Жанармай неге арзандамай жатыр?", - деп сұрады депутат Мұхтар Тінікеев.
"Иә, шын мәнінде, бүгінде АИ-92 бензинінің бағасын қайта реттеуден кейін баға түсті. Алайда теңгенің еркін ауытқу бағамына өткендігі себепті баға көтерілмеді. Даудың көп болғанын білесіздер. Алдарыңызда тұрдым, сіздер осы жолы бағаның қаншалықты көтерілетіні жайлы сұрақ қойдыңыздар. Біз шын мәнінде бағаны қайта реттедік және барлық экспортшыларға қажетті мұнай өнімдеріне рұқсат бердік. Біз 28 желтоқсанға дейін жылды қорытындылап жатырмыз, мұнай өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ, тұрақты. Бұл, меніңше, біздің жасаған жағымды қадамымыз", - деді министр.
Досаев қазақстандық мұнай өндіру зауыттарының қашан жаңаратынын айтып берді.
"Жанар-жағармай өндіру зауыттарының модернизациясын жылдамдату №1 тұрған тапсырмамыз. Қайта түзелген жоспарларымызды және жанар-жағармай зауыттарына қажетті алынған қаражаттардың жоспарын есепке ала отырып, Атыраудағы зауыт желтоқсан-қаңтар айларында дайын болады деген үміттеміз. Павлодардағы зауыттың қаржыландыруына байланысты мәселелерді біз Қытай премьер-министрінің сапары барысында ҚДБ және Эксимбанкпен анықтап алдық. Сондықтан, осыған дейін айтқанымдай, 2018 жылы Қазақстан өзінің мұнай өнімдерімен толықтай қамтамасыз етіледі", - деді Досаев.
Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Қазақстан үкіметінің бензин бағасын реттеуден бас тартқаны белгілі болды. ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады.