Бүгін Парламент Сенатының депутаттары мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімшартты рәсімдеу мәселесін талқыға салды. Отырыс аясында журналистерге сұхбат берген ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "бүгінде республикада жанармай тапшылығы жоқ" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Негізі, бізде бензиннің қоры жеткілікті, 200 мың тоннадан асады. Бүгінде екінші жартыжылдықтың бағалары талқыланып жатыр. Енді, мен дәл қазір қандай шешімнің шығарылатынын айта алмаймын. Қалай болса да, осы салада күрделі бір жағдай қалыптасты деп айтуға болмайды", - деді Қарабалин.
Айта кетейік, 2009 жылдан бастап ел Үкіметі мұнай өнімдерінің шекті бағасын белгілеп отыруды қолға алған. Алайда ол шектеулер тек бөлшек саудаға ғана қатысты болып келеді. Осы орайда жанар-жағар май құю станцияларының иелері көтерме бағаны да ұстап отыру қажет деп санайды.