Қазақстанда жылдық инфляция 20 пайыздан асты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жылдық инфляция 20 пайыздан асты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда инфляция былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайыздан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда инфляция былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайыздан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

"2022 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,3 пайыз болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4 пайызға, ақылы қызметтер 14,1 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, желтоқсанда қияр 35,6 пайызға, қызанақ 14,6 пайызға, тәтті бұрыш 8,4 пайызға, пияз 7,9 пайызға, қызылша 3,8 пайызға қымбаттаған.

"2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7 пайызға, кір сабын 87,6 пайызға, кеңсе тауарлары 70,3 пайызға қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде сұйытылған газ (баллондарда) – 23 пайызға, қырыққабат 15,2 пайызға арзандады", - делінген хабарламада.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелген – әрқайсында 1,9 пайыздан (республикалық орташа деңгейден 0,7 п.т. жоғары), ең төмені Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында – әрқайсында 0,7 пайыздан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети