28 желтоқсан 2018 10:58

Қазақстанда көкөністер қымбаттап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздегі базарларда көкөністер, балық және тауық еті қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom агенттігінің сарапшыларына сілтеме жасап.


Еліміздегі базарларда көкөністер, балық және тауық еті қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom агенттігінің сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, қияр 45,8 пайызға, ал қызанақ 32,8 пайызға қымбаттап кеткен.

Сондай-ақ, орамжапырақтың 18,3 пайызға қымбаттағаны айтылады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бір айда барлық көкөніс түрінің бағасы көтерілген.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері көкөніс бағасының өндірістің маусымдылығына байланысты қымбаттады деп түсіндіреді. Бұдан бөлек, азық-түлік тауарларының қызмет түрлері бағасының қымбаттауына әкелетінін айту керек: отын, электрэнергия мен коммуналдық қызметтердің бағасына.

Ведомстводағылар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ету мақсатында өңірлік қорлар құрылып жатқанын айтып өтті. Қазақстанның бес ірі қаласында көтерме-бөлшек сауда орталықтарының құрылысы жүріп жатыр.

Ал жеміс-жидектердің ішінде желтоқсанда бананның 2,4 пайызға, кептірілген өріктің 0,4 пайызға қымбаттағаны айтылады. Ал лимон, керісінше, бір айда 2,3 пайызға арзандаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети