02 тамыз 2021 10:46

Қазақстанда күнбағыс майы қаншалықты қымбаттады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Бір жыл ішінде күнбағыс майының бағасы бірден 60,4 пайызға өсіп, 2021 жылдың маусымында күнбағыс майы Қазақстанның дүкендері мен базарларында литрі 713 теңгеден сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Бір жыл ішінде күнбағыс майының бағасы бірден 60,4 пайызға өсіп, 2021 жылдың маусымында күнбағыс майы Қазақстанның дүкендері мен базарларында литрі 713 теңгеден сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елімізде 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда алты пайызға көп. Тазартылған күнбағыс майының 76,9 мың тоннасы өндірілді. Былтырғымен салыстырғанда 37,4 пайызға артық.

Тазартылмаған күнбағыс майының басым бөлігі ШҚО-да өндіріледі, жалпы көлемнің 72,2 пайызы. Тазартылған май өндірісі бойынша Шымкент көш бастап тұр: 34,9 мың тонна немесе ел бойынша барлық көлемнің 45,4 пайызы. Қазақстандық компаниялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында күнбағыс майына деген сұранысты 83,2 пайызға арттырды.

Алайда "Хабар24" мәліметінше, өсімдік майын өндіретін төрт ірі кәсіпорынның екеуі тоқтап тұр. Нарықтағы импортталған майдың үлесі көбейді. Өнімнің нарықтағы бағасы үш есе өсті.

2021 жылғы маусымда елдің базарлары мен дүкендерінде майдың орташа бағасы литріне 713 теңге болды. Түркістан тұрғындарына бір бөтелке май - литріне 773 теңгеден.

Қарағанды облысында бір жылда баға 80 пайызға өсті. Алматыда - 75,9 пайыз.

Еске салайық, маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер мен жемістер бір айда бірден 7,7 пайызға және былтырғымен салыстырғанда 14,2 пайызға қымбаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети