Қазақстанда нан бағасын туралау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда нан бағасын туралау ұсынылды © addmaster.net

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев нанның бағасын туралауды ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев нанның бағасын туралауды ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы бүгін Ақмола облысында шаруалармен кездесуі барысында "номері бірінші" азықтың бағасын қалыпты деп есептемейтінін айтты. "Егер біз бұл "қисық айнаны" жеңіп шықпайтын болсақ, өте қиын болады. Шынымды айтсам, біз тұтынушыға жәрдем беруіміз керек, мысалы, нанға, бағаны қалыпты ету қажет. Ол (нан бағасы - Авт.) қазір қалыпты емес. Сонда ғана сіздерде дұрыс ақша болады. Кімге қиын - біз қазір төмен жалақы алатындар жайында айтып отырмыз - сол жаққа ақша беру керек, еттен, наннан, сүттен - сіздер өндіретін барлық заттан жақсы ақша алу үшін көмектесу керек", - деді Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы өндірушілерге.

"Батыста ешкім бағаны бақыламайды, оларды нарық белгілейді. Ал біз айнала ұстап отырмыз, кеңестік заманнан шыға алмай келеміз. Әрине, халықтың табысымен есептесуге тура келеді", - деді Президент, "әлемдік экономикадағы мұндай турбуленттің бір жылға ғана созылмайтынын айтып". "Бұл көптеген ел үшін ұзақ мерзімді тоқырау тудыруы мүмкін. Сондықтан біз үшін бұл трендтерді қабылдау стратегиялы түрде маңызды. Біз осындай болады деп дайындалдық, барлығын еңсеру үшін қор жинадық, бірақ мәңгілік дағдарыс болмайды. Сіздермен бірге барлығын еңсереміз деп үміттенемін", - деді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети