Қазақстанда Ресейде өндірілген құс етінің 5 тоннасы саудадан алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда Ресейде өндірілген құс етінің 5 тоннасы саудадан алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы 2 наурыздан бастап ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері тамақ өнімдерінің 823 сынамасын іріктеп алған. Зертханалық зерттеулер нәтижелерінен кейін 231 сынаманың техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіні расталды.
Осыған байланысты Комитет өнімдері саудадан алынып, өздеріне қайтарылған ресейлік өндірушілердің аттарын атады, олар: Адыгей Республикасы, Майкоп қаласы (ГАП "Ресурс") "Майкопский Птицекомбинат" ЖАҚ, Челябі облысы "Уралбройлер" ЖАҚ, Татарстан Республикасы, Зеленодольск қаласы "Даль-Кама1" ЖШҚ, Курск облысы "Курский Агрохолдинг" ЖАҚ, Омбы облысы "Сибирская" құс фабрикасы, Белгород облысы "Белгранкорм" ЖШҚ "Ясные зори" ӨАК. Айта кетейік, бұл өндірушілердің 4 тонна 941 келі құс шаруашылығы өнімі (балапан-бройлерлердің тұтас еттері, тауық фаршы, қанаттары) қайтарылды.
"Қауіпті, жарамсыз деп танылған өнімдердің жалпы санының ішінде 1 тоннасында патогенді микрофлора (Salmonella Enteriса С тобы, Salmonella Virchow) анықталды. Барлық жұқпаланған өнімдер жойылды. Сәйкес келмейтін өнімдер Қазақстан Республикасының ірі сауда кәсіпорындарында: Астана "Green Mart" және "Magnum", Атырау облысы "Қазақстан Рамсторы" және "Идеал Маркет", Ақтөбе облысы "Анвар" супермаркеттері, Солтүстік Қазақстан облысы "Көктөбе" және "Семейный" сауда үйлерінде сатылған. Сауда кәсіпорындарының ветеринариялық сертификаттары бар құс етін қабылдағанын айта кету қажет", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Комитеттің мәліметінше, Ресей Федерациясының уәкілетті органына ("Ресейтұтынуқадағалау") халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында жосықсыз өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты санитариялық-профилактикалық (эпидемияға қарсы) іс-шаралар жүргізу туралы ақпарат жіберілді.