Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы статистикалық деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы статистикалық деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2021 жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда азық-түлік бағасы 0,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,5 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 0,8 пайызға өсті.
Бағаның өсуі қырыққабат 12,6 пайызға, қызылша - 9,1 пайызға, пияз - 8,2 пайызға, күнбағыс майы - 4,2 пайызға, құс еті - 3 пайызға, қарақұмық жармасы - 2,6 пайызға, жылқы еті - 2,5 пайызға, қой еті - 2,4 пайызға, сиыр еті - 2,2 пайызға, шошқа еті, шай - 2 пайызға, жұмыртқа - 1,3 пайызға, құмшекер - 1 пайызға, ұн - 0,9 пайызға байқалды. Темекі өнімдері 4,1 пайызға, минералды және ауыз су - 1,2 пайызға, ішімдіктер - 0,8 пайызға, алкогольсіз сусындар - 0,7 пайызға қымбаттаған.
Бағаның төмендеуі картопқа - 20 пайызға, қызанаққа - 14,8 пайызға, қиярға - 11,9 пайызға, сарымсаққа - 6,8 пайызға, бананға - 2,5 пайызға, сәбізге - 2,2 пайызға тіркелді.
Тұрмыстық аспаптар бағасы 1,7 пайыз, құрылыс материалдары, ыдыс-аяқ - 0,9 пайыз, жиһаз бен үй тұрмысындағы заттар - 0,6 пайыз, жуу және тазалау құралдарына - 0,5 пайыз, киім мен аяқ киімге, жеке пайдаланылатын тауарларға - 0,4 пайыз өскені байқалады. Сұйытылған газ 2,1 пайызға, дизель отыны - 2 пайызға, бензин - 0,9 пайызға қымбаттады.
Санаторий қызметі 1,1 пайызға, қоғамдық тамақтану - 0,8 пайызға, кешенді демалысты ұйымдастыру - 0,7 пайызға, шаштараздар мен сұлулық салондарына, қонақүйлер - 0,4 пайыз қымбаттаған. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 9,9 пайызға, такси - 1,2 пайызға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына - 5 пайызға, суық суға - 1 пайызға, су бұруға - 0,7 пайызға өсті. Тұрғын үйді ұстау ақысы 1,5 пайызға қымбаттады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі халық жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 позициядан тұрады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!