Қазақстанда смартфон, ноутбук және теледидар қымбаттауы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда цифрлық техника сатылатын дүкендерде аудио және бейнетехника қымбаттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл авторлық сыйақы беру бойынша қаулыда сыйақы төлемін орнатуға байланысты. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда цифрлық техника сатылатын дүкендерде аудио және бейнетехника қымбаттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл авторлық сыйақы беру бойынша қаулыда сыйақы төлемін орнатуға байланысты. 

Аудиобейнетехникалардың бағасы өсуі мүмкін екені Алматыдағы брифинг кезінде белгілі болды. Кәсіпкерлер палатасына жүгінген бизнесмендер заңнамадағы өзгерістерге сүйеніп отыр. 

Кәсіпкерлердің айтуынша, енді аудио және бейнематериал қосылатын әр құрылғы үшін оның өндірушісі мен импорттаушысы тауар бағасының 0,7 пайызын беруі керек. Қазақстанда автордың келісімінсіз жеке мақсатта фонограмма қосу жайлы қаулыдағы өзгеріске байланысты авторлық сыйақының минимал төлемі осындай. 

"Бұған дейін Қазақстанда авторлық жинау болмайтын. Бәрі шарттық негіз бойынша. Төлем болмады. Техника бағалары әзірше өскен жоқ, бірақ авторлық төлем салығы салынатын базаға енген тауарлар тізімі қабылданғаннан кейін өседі. Үкімет қаулысын қайтару немесе тоқтата тұруды қалаймыз", - деді қазақстандық сауда-саттық компаниялары, электр-компьютерлік және тұрмыстық техникалар мен күрделі техникалық жүйелерді өндірушілер қауымдастығының (КАТЭКС) төрағасы Сергей Архипкин. 

Салық салынатын тауарлардың алдын ала тізіміне ұялы телефондар, теледидарлар, ноутбуктер, компьютерлер енеді. Себебі бұл құрылғыларда авторлық контент ойнатылуы мүмкін. Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, авторлық құқық төлемі мынадай пропорциямен бөлінеді: қырық пайызы - авторларға, отыз пайызы - орындаушыларға, отыз пайызы - фонограмма өндірушілеріне. 

Баспасөз мәслихатының соңында заңға өзгерістер мен ұсыныстарын енгізетін жұмыс тобын құруға шешім қабылданды. Ал Әділет министрлігіндегілер кәсіпкерлермен ашық диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro