Қазақстанда сүт қымбаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сүт қымбаттады Фото:elements.envato.com

Жыл басынан бері Қазақстанда сүт бағасы 17 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері Қазақстанда сүт бағасы 17 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-мамырда сұйық сүт пен кілегей өндірісі былтырғымен салыстырғанда 7 пайызға төмендеп, 235,3 мың тонна болған. Бұл соңғы алты жылда бірінші рет өндірістің төмендеуі. Сүттің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарында өндірілді.

Сүт пен кілегейге деген сұраныстың 95,9 пайызын қазақстандық зауыттар қамтамасыз етті. Шетелден әкелінетін сүт пен кілегей үлесі 3,7-ден 4,1 пайызға дейін өсті. Ішкі нарықтағы сату көлемі 3,7 пайызға, яғни 192 мың тоннаға, ал экспорт екі есеге жуық қысқарып, 5,6 мың тоннаға дейін төмендеген.

Маусымның қорытындысы бойынша сүт бағасы бірден 2,4 пайызға, ал жыл басынан бері бірден 17,2 пайызға қымбаттаған. Былтырғымен салыстырғанда сүт бағасы 21,5 пайызға қымбаттады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында шикі сүтті тұтыну жан басына шаққанда орта есеппен 3,5 литр болған, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес пайызға аз. Кілегей тұтыну, керісінше, бір жарым есе өскен, бірақ жан басына шаққанда орташа есеппен 47 миллилитрге дейін ғана.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети