Қазақстанда сұйытылған газға шекті баға белгіленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде көліктерге арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде көліктерге арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанармай бағасы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жариялаған "Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" бұйрықта көрсетілген. 

Құжатқа сәйкес, жанармай құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары аймаққа байланысты литріне 50 теңгеден 75 теңгеге дейін бектілген:

  • Нұр-Сұлтан – литріне 70 теңге;
  • Алматы – литріне 65 теңге;
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында литріне 50-55 теңге;
  • Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында литріне 70-75 теңге;
  • Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында литрі 60-65 теңгеден.

Бұйрық 2022 жылғы 6 шілдеден 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды.

Белгіленген шекті бағадан асып кеткен жағдайда жанар-жағармай құю станцияларына ұйғарым беріліп, орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro