Қазақстанда Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан танымастай өзгерді. Бала туу көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығы, халық табысы мен өмір сүру деңгейі өсті. Сонымен қатар, халықтың шығыны да өсті. Осы жылдар ішінде Қазақстандағы маңызды әлеуметтік азық-түлік өнімдері бағасы қалай өзгерді - Tengrinews.kz тілшісі материалында.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан танымастай өзгерді. Бала туу көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығы, халық табысы мен өмір сүру деңгейі өсті. Сонымен қатар, халықтың шығыны да өсті. Осы жылдар ішінде Қазақстандағы маңызды әлеуметтік азық-түлік өнімдері бағасы қалай өзгерді - Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Азық-түліктің орташа бағасы туралы ақпаратты Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Қазақстанда азық-түлік бағасына 1993 жылдан бастап, яғни елде ұлттық валюта теңге енді айналымға енген кезден бастап мониторинг жүргізіліп келеді.

1993 жылы азық-түлік қоржыны 73 теңге 28 тиын болған. Дәл осы өнімдер бүгін 11 508 теңге тұрады.

Алғашқы жылдары азық-түлік бағасы тез және бірнеше есе өсті. Өнім неғұрлым арзан болса, соғұрлым қымбаттай түсті. Мысалы, жеті жыл ішінде айран мен тұз 126 және 163 есе қымбаттады. Қымбатшылық сәбіз бен күнбағыс майына аз әсер еткен, бірақ олар 1993 жылдан 2000 жылға дейін 9,3 және 9,9 есе өскен.

Жалпы, тәуелсіздіктің алғашқы он жылында азық-түлік себеті шамамен 91 есе қымбаттаған.

2000 жылы азық-түлік себеті 1 782 теңге болды. Осы уақыттан бастап өнімдердің қымбаттау жылдамдығы бәсеңдеді. Келесі 10 жыл ішінде өнімдер орташа есеппен 2-3 есе қымбаттады. Ең бастысы, сүзбе 4 есе қымбаттады. Сондай-ақ, күріш (3,2 есе), сиыр еті, сүт және сәбіз (3,1 есе) едәуір қымбаттаған өнімдер қатарында. Жұмыртқа мен тұз бағасының өсуі баяу - 1,8 есе.

2010 жылдың аяғынан 2021 жылдың қарашасына дейін ең маңызды тамақ өнімдері орташа есеппен екі есе қымбаттаған. Сары май қымбаттады - 3,3 есе, сиыр еті - үш есе. Қант пен тұз бағасы баяу өскен - өнімдер 10 жыл ішінде тек 50 пайызға қымбаттаған.

Айта кетейік, азық-түлік бағасы халықтың табысына сәйкес өсті. Мысалы, 1993 жылы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бар болғаны 529 теңге. 2000 жылы орташа жалақы 6 352 теңгеге дейін өсті, ал 2010 жылы қазақстандықтар орташа есеппен 39 мың теңгеден аса табыс тапқан.

2020 жылғы қорытынды бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 116 126 теңге болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro