18 наурыз 2022 10:33

Қазақстанда тауық еті қымбаттады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тауық еті бір жылда 17 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанда тауық еті бір жылда 17 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Биыл ақпанда бөлшек сауда нүктелеріндегі тауық бағасы бір жылда 17,2 пайызға, бір келіге 1,1 мың теңгеге дейін, тауық еті бірден 22,8 пайызға, бір келісіне 958 теңгеге дейін өсті.

Баға Шымкентте бір жылда 35,2 пайызға артты. Сондай-ақ, Түркістан және Қарағанды облыстарында да тауық еті қымбат. Түркістан облысында тауық етінің бағасы жоғары, жылына 55,8 пайызға артты.

Ақпанда тауық бағасы Ақтауда - бір келі үшін 1,3 мың теңге болды. Тауық еті Нұр-Сұлтанда бір келі үшін 1,1 мың теңге.

Қазақстанда қаңтарда 8,3 мың тонна жас немесе тоңазытылған үй құсы еті өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,5 пайызға артық. Үй құсының жас немесе тоңазытылған етін өндіретін өңірлер арасында Ақмола облысы көш бастап тұр, онда - 2,9 мың тонна.

2021 жылы елімізде 110,3 мың тонна жас немесе тоңазытылған, 127,4 мың тонна үй құсының мұздатылған еті өндірілген.

Жергілікті компаниялар 2021 жылдың қорытындысы бойынша құс еті мен қосымша өнімдерге сұранысты 62,6 пайызға қамтамасыз еткен. Импорт үлесі - 37,4 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети