Қазақстандағы екі жанармай құю бекетінде бензин қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы екі жанармай құю бекетінде бензин қымбаттады © REUTERS

Қазақстанның бірнеше жанармай құю бекетінде бензин бағасы қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше жанармай құю бекетінде бензин бағасы қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Helios жанармай құю бекеттерінде АИ-92 мен АИ-95 1 теңгеге, яғни 142 теңгеден 143 теңгеге және 154 теңгеден 155 теңгеге қымбаттады. Ал АИ-98 165 теңгеге дейін қымбаттаса, АИ-98 Prime 173 теңгеге дейін қымбаттады.

"Қазмұнайгаз" бекеттерінде АИ-92 бағасы 139 теңгеден 141 теңгеге жетіп, бірақ бұл жолы 143 теңгеге дейін қымбаттады. АИ-95 155 теңгеге дейін қымбаттаса, ал АИ-98 бұрынғыдай 162 теңге болып тұр.

Sinooil, Royal Petrol мен "Лукойл" бекеттерінде бензин бағасы өзгеріссіз қалды. Sinooil-да АИ-92 143 теңге болса, АИ-95 - 155 теңге.

Royal Petrol АИ-92 бензинін 140 теңгеден, АИ-95 155 теңгеден, АИ-98 бензинін 165 теңгеден сатып жатыр. Ал "Лукойл" болса, АИ-92 бензинін 145 теңгеден сатып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети