©Тengrinews.kz
Қазақстандағы жанармай қоры сәуір айына дейін жетеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасап. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында компания басшысы Үкімет импортауды компанияға жүктесе, елдегі жанармай бағасында тұрақтылық болатынын атады. "Егер импорт бүгін жабылған күннің өзінде Қазақстандағы дизельдік отын қоры мамырға дейін еркін жетеді. Ал жанармаймен тек сәуірге дейін ғана қамти аламыз. Жалпы, бағаның қымбаттамауы үшін елдегі мұнай өңдеу зауыттарының толық жұмыс істеуі септігін тигізеді. Қазірдің өзінде біздің оған толық мүмкіндігіміз бар. Тек жетіспейтін жағын импорттау керек. Ол үшін Үкімет "Импорттауды "ҚазМұнайГаз" ҰК жеткізсін" деген шешім қабылдаса, жанармай бағасында ешқандай өзгеріс болмайды", - деді Сауат Мыңбаев.
Қазақстандағы жанармай қоры сәуір айына дейін жетеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасап.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында компания басшысы Үкімет импортауды компанияға жүктесе, елдегі жанармай бағасында тұрақтылық болатынын атады.
"Егер импорт бүгін жабылған күннің өзінде Қазақстандағы дизельдік отын қоры мамырға дейін еркін жетеді. Ал жанармаймен тек сәуірге дейін ғана қамти аламыз. Жалпы, бағаның қымбаттамауы үшін елдегі мұнай өңдеу зауыттарының толық жұмыс істеуі септігін тигізеді. Қазірдің өзінде біздің оған толық мүмкіндігіміз бар. Тек жетіспейтін жағын импорттау керек. Ол үшін Үкімет "Импорттауды "ҚазМұнайГаз" ҰК жеткізсін" деген шешім қабылдаса, жанармай бағасында ешқандай өзгеріс болмайды", - деді Сауат Мыңбаев.