20 қаңтар 2014 | 13:57

Қазақстандағы көмірдің қоры 250 жылға жетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото tengrinews.k сайтынан алынды фото tengrinews.k сайтынан алынды

Қазақстандағы көмірдің геологиялық қоры 250 жылға жетеді. Бұл туралы "KAZENERGY" қауымдастығының директоры Әсет Мағауов мәлім етті деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. "Қазақстан аумағында 400-ден астам тас және құба көмір кен орындары бар. Еліміздегі көмірдің баланстық қоры 34,5 млрд тоннаға бағаланып отыр. Көмірді дәл қазіргідей пайдалансақ, бұл қор 250 жылдан астам уақытқа жетеді" дейді қауымдастық төрағасы. Ол сондай-ақ көмір экспорты турасында еліміздегі көмір өндірісінің өзіндік құны көршілес елдерге қарағанда едәуір арзан екенін, сондықтан да бізде көмір экспортына деген сұраныс бар екенін алға тартты. Жалпы, Қазақстан көмір өндіру жөнінен әлемде 10 орында тұр. Халықтың жан басына шаққанда еліміз ТМД елдері арасында көмір өндіру жағынан бірінші орында. Қазақстанның жалпы әлемдік көмір өндірудегі үлесі - 1,7 пайыз, ТМД елдері арасында - 15 пайыз. Қазақстанда көмір өндірумен 33 компания айналысады. Халықаралық стандарттарды енгізудің арқасында қазақстандық көмірді таяу және алыс шет елдерге жеткізу аясы қазірде кеңейе түсуде. Бүгінде Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Болгария, Венгрия, Дания, Польша, Румыния, Түркия, Финляндия сияқты елдер Қазақстан көмірін сатып алуда. Ал көмір өндірісі саласына салынған инвестиция соңғы онжылдықта 614 млрд. теңгеге жуықтаған. Оның ішінде жаңа құрылыстарға және инновациялық технологияларға 260 млрд теңге және шахталық және карьер қорын жаңартуға - 300 млрд. теңгеден астам қаржы салынған

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети