Қазақстанда екі тоқсан қорытындысы бойынша қалалы жерлерде ет өнімдерін тұтыну екі пайызға төмендеген. Ал ауылды жерлерде етті тұтыну сегіз пайызға төмендеп кеткен, - деп хабарлайды Enegryprom.kz.
Қазақстанда екі тоқсан қорытындысы бойынша қалалы жерлерде ет өнімдерін тұтыну екі пайызға төмендеген. Ал ауылды жерлерде етті тұтыну сегіз пайызға төмендеп кеткен, - деп хабарлайды Enegryprom.kz.
2018 жылы бірінші тоқсанмен салыстырғанда екінші тоқсанның көрсеткіші үй шаруашылығында ет және ет өнімдерін тұтыну 4,1 пайызға азайған, яғни адам басына - 18,7 келі.
Қалалы жерлерде ет өнімдерін тұтыну 1,7 пайызға төмендеген, 19,6 келіге дейін. Ет және ет өнімдерін тұтыну ауылды жерлерде айтарлықтай төмендеген - 7,5 пайыз яғни, орта есеппен алғанда бір адамға - 17,4 келі.
Үй шаруашылығында сиыр еті көбірек қолданылады - 5,9 келі, екінші орында қой еті - 1,6 келі және тауық еті - 1 келі.
Қалалы жерлерде де осылайша сиыр еті жиі қолданылады - 6,6 келі, артынша тауық еті - 1,3 келі және жылқы еті - 0,9 келі. Ауылды жерлерде сиыр еті - 5, артынша қой еті - 2,9 және жылқы еті - 0,9 келі.
Қазақстанда ет бағасы өскені де байқалады. Жылқы еті бір ай ішінде 1,7 пайызға өскен, яғни бір келісі - 1694 теңге.
Тауық еті 1,1 пайызға өсті - 745,7 теңге. Сиыр, қой және доңыз еті 0,2-0,3 пайызға өскен.