Қазақстандықтар Қытайға, Қырғызстанға және Түркияға өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп қаражат жіберген, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Қазақстандықтар Қытайға, Қырғызстанға және Түркияға өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп қаражат жіберген, - деп хабарлайды Ranking.kz.
ҚР-дан Ресейге қаражат жіберетіндер бірінші орында тұр.
Сарапшылардың мәліметінше, сәуірде Қазақстаннан шетелге 45,6 миллиард жіберілген, бұл наурыз айымен салыстырғанда 9,5 пайызға көп. Ал өткен жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға көп.
Жалпы алғанда өткен жылы шетелге 159 миллиард теңге жіберілген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 36,5 пайызға көп.
Қаңтар-сәуір аралығында ең көбі Ресейге жіберілген - 69,6 миллиард теңге (31,2 пайызға өскен), одан кейін Өзбекстанға - 19,5 миллиард теңге (39,9 пайыз). Үштікте Түркия тұр - 18,3 миллиард теңге (өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.