02 желтоқсан 2021 10:34

Қазақстандықтар лира құлдырағаннан кейін Түркиядағы жағдайды баяндады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fotolia / Hayati Kayhan © Fotolia / Hayati Kayhan

Түркияда тұратын қазақстандықтар лира рекордтық құлдырағаннан кейін қымбат тауарлар сатып ала бастады. Әлеуметтік желілерде шетелдіктер тиімді тауарлар сатып алып, Қазақстанға жіберу мүмкіндігін пайдаланып жатқаны туралы хабарламалар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркияда тұратын қазақстандықтар лира рекордтық құлдырағаннан кейін қымбат тауарлар сатып ала бастады. Әлеуметтік желілерде шетелдіктер тиімді тауарлар сатып алып, Қазақстанға жіберу мүмкіндігін пайдаланып жатқаны туралы хабарламалар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір жыл ішінде түрік валютасы 45 пайыздан аса деңгейге арзандады, ал 23 қарашада жаңа антирекорд орнатты, ол кейінгі 20 жыл ішінде 16 пайызға төмендеді. 18 қарашада Түркияның орталық банкі есеп мөлшерлемесін 16 пайыздан 15 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін құлдырады. Сондай-ақ, президент Тайып Ердоған есеп мөлшерлемесінің төмендеуінен инфляцияның төмендейтінін айтты.

Түркияда ұлттық валюта бағамының рекордтық құлдырауы аясында Үкіметтің отставкаға кетуіне наразылық шаралары өтті. Қазақстандықтар елдегі жағдай тыныш екенін, оларға әсер етпегенін атап өтті. Алайда кейбір тауарлар мен қызметтердің бағасы қазірдің өзінде өскенін де айтты.

"Даурығып жатқан жоқ, азық-түлік бағасы өзгермеді. Қызмет бағасы өзгеріп жатыр. Кейбіреулер жағдай тұрақтанатынына үміттенеді. Шағын бизнеске тез әсер етеді, ал үлкен желілер бағаны бірқалыпты сақтайды. Қазақстандықтар сауда жасап жатыр, өйткені теңгеден лираға аудару тиімді. Қазір туристер көп емес, маусым аяқталды. Кейбір онлайн-дүкендер қымбат телефондар мен техниканы сатуды тоқтатты", - деді Анталияда тұратын Лейла Шәкенова.

Сарапшылар жұмыссыздық пен тұрақсыздық байқалатын Түркияның ірі қалаларында ауыр жағдай екенін атап өтті. Курорттық аймақтарда дағдарыс байқалмайды.

"Не болып жатқанын білмеймін. Баға 2-3 лираға, кофе сияқты кейбір өнімдер 10 лираға өскенін ғана айта аламын. Туристердің жағдайы бірқалыпты, тыныш. Кету туралы ойламаймын, керісінше, жақында бір жылға тұруға рұқсат аламын. Қалада жағдай қалыпты, тыныш. Тек бір-бірімізбен сөйлесіп, не болып жатқанына таңғаламыз", - деді фрилансер әрі блогер Умета Әбішева.

Лираның тарихи құлдырауынан кейін Түркияның негізгі оппозициялық партияларының жетекшілері Ердоғанды дұрыс басқара алмағаны үшін айыптап, лираның рекордтық құлдырауы кезінде мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырды. Алайда президенттің өзі бұл үндеуді қабылдамай, Түркиядағы сайлау жоспарланған түрде 2023 жылдың маусымында өтетінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети