Қазақстандықтар осы жылы миллиондаған долларға шампан мен мандарин сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар осы жылы миллиондаған долларға шампан мен мандарин сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа жыл қарсаңында Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың бір жылда қанша мандарин, апельсин, ананас жейтіні мен қаншалықты мөлшерде шампан ішетінін анықтап көрді.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыс комитетінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанға шампан ішімдігі негізінде Молдова, Франция, Дания және Германиядан әкелінеді. Жыл басынан бері елге миллиондаған долларға, нақтылап айтар болсақ 992 мың долларға 78 мың литр сусын жеткізіліпті.
10 айда қазақстандықтар 19,5 миллион долларға 30 мың тоннаға жуық мандарин жеп қойды. Бұл жемістердің көпшілігі Қытайдан импортталады, бұл елден 10,5 мың тонна мандарин жеткізілсе, Пәкістаннан 15,5 мың тонна әкелінген. Сонымен қатар, бірінші бестікте Марокко (993 тонна), Испания (997 тонна) және Аргентина (511 тонна) елдері бар. Шамамен 2 тоннасы Нидерландыдан импортталған. Бұл жеміс Қазақстанға Перу мен Уругвайдан да жеткізіледі екен.
Ел тұрғындарына қатты ұнайтын тағы бір цитрус - апельсин. Жыл басынан бері 5 миллион долларға 8 мың тоннадан астам апельсин әкелінген. Барлық импорттың тең жартысы Мысырдан келеді. Сонымен бірге, тағы бір жеткізіп беруші ел - Оңтүстік Африка. Бұл елден бір жарым тоннадан астам жеміс келді. Үшінші орында Қытай - 730 тонна, одан кейін Испания (303 тонна), Түркия (160 тонна) және Аргентина (120 тонна). Базарларда оңтүстікафрикалық республика Свазиленд корольдігінен келетін жеміс те бар. жыл басынан бері бұл елден 50 мың тоннасы, ал Литвадан 20 тонна импортталды.
Қазақстанда соңғы жылдары жаңажылдық дастарқанның ажырамас бөлігіне айналған ананас біздің елге Қытай, Коста-Рика, Кот-Д'Ивуар, Доминикан Республикасы, Бразилия, Панама, Түркия елдерінен жеткізіліп отыр. Ал спирт қосындысы бар ананастар Вьетнамнан келеді. Экспортер елдердің қатарында Шығыс Африкадағы Маврикий аралы (100 келі), мұнымен бірге Оңтүстік Африка Республикасы, Испания, Гана, Бразилия елдері бар. Кептірілген ананас, негізінен, Қытай мен Германиядан келеді. 2014 жылдың 10 айы ішінде қазақстандықтар 3,2 миллион доллар тұратын 3 мың тонна экзотикалық жемісті жеп қойды.