Жылдық инфляция Қазақстан Республикасында 2017 жылғы сәуірде 7,5 пайыз болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылдық инфляция Қазақстан Республикасында 2017 жылғы сәуірде 7,5 пайыз болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төмендеу көбіне азық-түлік тауарлары мен ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны неғұрлым баяу төмендеген кезде азық-түлікке жатпайтын инфляцияның жылдық қарқынының төмендеуі есебінен болды. Тұтастай алғанда, инфляция жылдың басынан бері Ұлттық Банктің 6-8 пайыздық нысаналы дәлізі шегінде бекіді.
"Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылғы сәуірде өткен айдың деңгейінде (2017 жылғы наурызда - 0,5 пайыз) қалыптасып, өткен айға қарағанда 0,5 пайызға көтерілді. Бұл ретте сәуірде базалық инфляция 1 көрсеткіштерінің 0,4 пайыздан 0,3 пайызға дейін, жылдық көрсеткіш бойынша 7,7 пайыздан 7,2 пайызға дейін төмендеуі жалғасты, бұл маусымдық күйзелістерді қоса алғанда, қысқа мерзімді күйзелістерді есептемегенде инфляцияның төмендеу траекториясының жалғасып жатқанын білдіреді", - Ұлттық банк өкілдері.
Инфляциялық процестер экономиканың біртіндеп қалыпқа келуінің, халықтың нақты кірісі өсуінің, тұтынушылық сұраныстың жандануының әсер етуімен, бұл ретте баға деңгейіне айтарлықтай қысым жасамай қалыптасуы жалғасуда. Сонымен бірге, экономиканың жекелеген салаларындағы шығасылардың барынша жоғары деңгейі, жыл басынан бері сыртқы нарықтарға тауарлардың байқалып отырған әкетілуі, өңірлердегі инфляциялық процестердің тепе-тең дамымауы, ауа-райы жағдайы инфляцияға әсер етуін жалғастыруда.
Сәуірде халық арасында инфляциялық күтулерді бағалау бойынша жүргізілген пікіртерімнің нәтижелері бойынша қабылданатын жылдық инфляция және өткен айдағы инфляция тұрақты деңгейде болып отыр. Пікіртерімге қатысушылар инфляцияның негізгі көзі ретінде тамақ өнімдері бағасының өсуін атап өтеді.
Сәуірде келесі айда баға өсуі бойынша күтулер наурызбен салыстырғанда шамамен төмендеді. Респонденттердің 53 пайызы 2017 жылғы мамырда баға өсуін күтуде, олардың көпшілігі баға аздап өседі деп болжайды.
"Халықтың келесі 12 айда баға өсуіне қатысты күтулері наурызбен салыстырғанда шамамен өсті. Бір жылдан кейін инфляцияның деңгейін 10 пайыздан жоғары бағалайтындардың үлесі біршама өсуіне қарамастан, баға өсіміне 10 пайыздан кем 1 жемістер мен көкөністер, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, темір жол көлігі, байланыс, бензин, дизель отыны және көмір бағасын есептемегенде бағалайтындардың үлесі пікіртерім өткізудің басынан бері (2016 жылғы қаңтар) жоғарғы деңгейде тұр. Болашақтағы инфляцияны 6-10 пайыздық аралықта бағалайтындардың үлесі 23 пайыздан 28 пайызға дейін өскенін атап ерекше өткен жөн, - дейді Ұлттық банк өкілдері.
2017 жылғы сәуірде квантификацияның ықтималдылық әдісінің көмегімен есептелген инфляциялық күтулер кейбір ұлғайтуларға қарамастан жеткілікті түрде тұрақты болып қалып отыр. Мәселен, сұрау салудың нәтижелері бойынша бір жыл бұрын инфляцияны сандық бағалау 2017 жылғы наурызбен салыстырғанда 0,3 п.т. ұлғайып, 6,4 пайызды және 2018 жылға 5-7 пайыз нысаналы дәліз ішінде тұр.