Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанға 20 тонна сарымай Австралиядан тиісті құжаттарсыз әкелінген

28 Қаңтар 2015, 17:29
0
©infosmi.net
©infosmi.net

Қазақстанға Австралиядан 20 тонна сарымай ветеринарлық жөнелтпе құжатсыз әкелінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау федералдық қызметінің Тверь және Псков облыстары бойынша басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 тонна австралиялық сарымай Қазақстанға ветеринарлық жөнелтпе құжатсыз кіргізілді", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау федералдық қызметінің Тверь және Псков облыстары бойынша басқармасының мемлекеттік ветеринарлық шекара бақылау бөлімі мен Псков кеденінің лауазымды тұлғалары Псков облысындағы уақытша сақтау қоймаларының бірінде екі автокөлік құралын толық тексеруден өткізді. Бұл автокөліктер Убылинка көпжақты автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасында тіркелген компания мекенжайына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің рұқсатына сәйкес кетіп бара жатқан. Ал сарымай Австралияның № 570, 581 кәсіпорындарында өндірілген, жалпы көлемі - 40 тонна.

Тауар Австралияның Ресей федерациясына экспортталатын пастерленген сүт пен сүт өнімдері ветеринарлық сертификаттарымен тасымалданған. "Ветеринарлық-санитарлық тексеру кезінде бірінші көліктің жүк салатын бөлігінен № 570 кәсіпорнында 2014 жылы 22 сәуірде шығарылған 700 келі көлемінде өнім табылды. Бұл тауардың №7047419 ветеринарлық сертификатында тіркелмегені анықталды. Сәйкесінше, өнімді алып жүруге арналған рұқсат қағаз жоқ болып шықты", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, басқарманың мәліметінше, екінші автокөліктің жүк салатын бөлігінен 2014 жылдың 25 сәуірінде өндірілген 19 мың келі сарымай табылды. Бұл тауардың да алып жүруге арналған рұқсат қағазы болмағаны анықталды. 

Басқарма тауарды қайтаруға шешім шығарды, қазіргі уақытта тауардың қайтарылуы туралы актілер рәсімделді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай